logo
28 января 2023
ЖҚӘЧ-2023. Жасөспірім қыздар құрамасы Жаңа Зеландия командасын жеңді

IIB дивизиондағы жасөспірім қыздар әлем чемпионатының кейінгі шегерілген матчында Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландия командасымен кездесті. Бір тәуліктен аз уақыт бұрын біздің қыздар Болгарияны жеңді. Есепті артық құраммен София Раковская ашты, араға бір минут салып, Мадианна Нусупова үстемдікті еселеді. Ойынның екінші кезеңінде София Зубкова қарсыластың қақпасына бес минут ішінде дубль салды. Үшінші кезеңнің басында қарсыластар бірінші шайбаны салды, көп ұзамай Зубкова тағы екі гол салып, покер жасады. Форвард өткен ойынның үздік ойыншысы атанды.

Жаңа Зеландия – Қазақстан – 1:7 - (0:2, 0:2, 1:3)

0:1 – 12:08 – Раковская (Яковлева) ГБ

0:2 - 13:29 – Нусупова (Филимонова, Крухольская)

0:3 - 23:53 – Зубкова

0:4 - 28:22 – Зубкова

1:4 - 43:30 – Блонг (Беннетс)

1:5 - 45:07 – Зубкова
1:6 - 49:10 – Зубкова
1:7 - 52:37 – Нусупова (Зубкова, Яковлева)

Қақпашылар: Бик - Прицкер

Келесі кездесуді қазақстандық хоккейшілер күні ертең өткізеді. Мария Федоренконың ойыншылары үшінші матчты қатарынан Бельгияға қарсы өткізеді. Қарсыластардың қоржынында 5 ұпай бар. Кездесу Астана уақытымен 20:30-да басталады.

 

 

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ