logo
15 апреля 2025
ҚӘЧ-2025. Словенияны жеңіп, дивизиондағы орынды сақтадық

IB дивизиондағы қыздар әлем чемпионатының қорытынды матчында Қазақстан құрамасы Словениямен кездесті. Егер бірінші кезең біздің қыздардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталса, екінші кезеңде 6 шайба үстемдігімен алға шықтық. Үшінші кезеңде қарсыластар гол алмасты, алайда кездесудің соңында қазақстандық хоккейшілер есепті 1:9 етті. Жеңіс біздікі!


Словения - Қазақстан 1:9 (0:1, 0:5, 1:3)

0:1 - 12:29 - Куценко (Воронова) 

0:2 - 25:10 - Молдабай (Оразбаева, Шегай) 

0:3 - 33:29 - Пяткова

0:4 - 35:19 - Әшімова (Филимонова, Алдабергенова) 

0:5 - 36:22 - Молдабай (Куценко)

0:6 - 37:25 - Воронова (Буторина)

0:7 - 44:52 - Оразбаева (Шегай) 

1:7 - 46:15 - Конфиденти

1:8 - 58:17 - Королева (Яковлева) ГБ

1:9 - 59:31 - Куценко (Саяхаткызы)

Қақпашылар: Щеколова (Интихар) 


Осылайша, Қазақстан құрамасы ІВ дивизиондағы орнын сақтады. Еске сала кетейік, биыл қыздар ІІВ дивизионнан көтерілді. Турнир кестесіндегі қорытынды орын Латвия мен Корея арасындағы матчтан кейін анықталады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ