logo
30 апреля 2022
Юрий Михайлис: «Әрбір матчқа шығып, жеңу керек»

Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтанда әлем чемпионатына дайындықты аяқтауда. 3 мамыр күні команда Ригаға аттанып, онда Латвия командасына қарсы екі жолдастық матч өткізеді. БАҚ-қа арналған ашық жаттығу аяқталғаннан кейін ұлттық команданың бас бапкері Юрий Михайлис журналистермен алдағы біріншіліктен не күтетінімен бөлісті.

- Бірінші кезең соңына таяды. Ертең жиындардың соңғы күні. Ойыншылардың күйі қанағаттанарлықтай, себебі әрбірі қайда бара жатқанын – ұлттық құрамаға бара жатқанын білді. Жалпы алғанда, барлығы дайын. Кейбір жігіттер жақында өз чемпионаттарын аяқтады, мысалы Евгений Рымарев — жақсы дене дайындығымен келді. Және негізінен біздікілердің барлығы дайындалды, осы жиындарды күтті. Барлығының дене дайындығы жақсы.

- Қақпада бірінші нөмір кім болады?

- Жігіттердің барлығы тырысуда, барлығының мүмкіндігі бар. Шутовта бар, Бояркин жарақат алды. Дәрігерлер оны қарап, айтады. Румянцев өте жақсы ойнайды және тамаша күйде. Өткен маусымда ол үздік қақпашы болды. Биыл жақсы нәтиже көрсетіп, қақпада жақсы ойнауда. Сондықтан қарайтын боламыз.

- Әлем чемпионатындағы ең үлкен тәжірибе Бояркинде ме?

- Иә, өткен чемпионатта көбірек сенім білдірілді. Алайда айтпағым, Шутов одан кем емес, «Ақ Барсқа» қарсы бір ойын оның мықты командаларға да қарсы ойнай алатынын көрсетті.

- Бірінші үштік – шабуылда кімді көріп тұрсыз?

- Мен әзірге айтпаймын, бұл құпия. Көптеген командалар үшін тосынсый болмақ.

- Соңғы тізімді анықтауға қашан дайын боласыз?

- Ертең деп ойлаймын.

- А тобындағы ойынға жоспар қандай?

- Әрбір матчқа шығып, жеңу.

- Ойыншылардың көпшілігінің топ-дивизионда ойнаған тәжірибесі қалай ықпал етеді? Көпшілігінің өткен жылы алғаш рет шыққанын ескерсек.

- Өткен әлем чемпионатының тәжірибесі бірінші кезекте тұратын болады. Бұған дейін қатысқан біздің ойыншылар дайын, олар тіпті сіздерге берген сұхбаттарында өткен жылғы нәтижені жақсартқысы келетіндерін айтты.

- Қандай да бір минималды міндет бар ма?

- Ең бастысы жеңу. Міндет – ширек финалға шығу.

- Ригада қосылатын ойыншылармен қалай жұмыс жасайсыздар?

- Біз Волкпен де, Блэекермен де, Сведбергпен де сөйлестік. Олар бабында, дайындалуда, үші күні Ригаға ұшып келіп, командаға қосылады, әрі қарай жұмыс жасайды.

- Өткен жылғы әлем чемпионатының құрамасы мен биылғыны салыстырсаңыз.

- Өткен жылғы әлем чемпионатының тәжірибесі бізге көмектеседі. Құрамда Леонид Метальниковтің қоспағанда, дәл сол ойыншылар. Ол сол кезде жиынның соңғы күнінде жарақат алып, әлем чемпионатына бара алмай қалды. Қазір қосылды, бұл мықты, сенімді қорғаныс болмақ, ол бізге көмектеседі. Биылғы маусымда «Сарыарқада» мықты ойнаған Михаил Рахманов та шабуылда да, қорғаныста да екпін қосады деп үміттенем. Жігіттер қосылып жатыр, қараймыз.

- Қазақстан чемпионатының финалын қарайсыз ба?

- Әрине.

- Ал ҚХФ финалын ше?

- Иә, үйде екі теледидар бар, Юлий Цезарьға ұқсап екеуін де қосып қойып қарайтын боламын (күледі).

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ