logo
Юрий Михайлис: «Тізімге дене дайындығы жақсырақ ойыншылар кірді»

14 мамыр күні Қазақстан құрамасы Хельсинкидегі хоккейден әлем чемпионатындағы өзінің алғашқы матчын Дания командасына қарсы өткізеді. Бүгін таңертең бапкерлер штабы алдағы біріншілікке қатысатын түбегейлі құрамды жария етті. Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Михайлис ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында турнирге өтінімнің жасақталуына қатысты пікір білдірді:

- Дәл қазір кімнің дене дайындығы жақсырақ, солар тізімге кірді. Даррен жаттығу өткізілген сайын жақсарып келеді, әлем чемпионатының басына қарай бабында болады. Женя Рымаревтің жарақат алғаны өкінішті. Біз оны бірінші бригадада артық құрамға қосамыз деп жоспарлағанбыз. Ақылды жігіт. Алайда Латвияға қарсы екінші ойында жарақат алды, енді әлем чемпионатында ойнай алмайды. Бортқа соғылып, жазатайым жағдай орын алды. Бәрі жақсы болады, маусымның басына қарай қалпына келеді деп ойлаймын.

Эмиль Нургалиев пен Дмитрий Гренц бойынша, әрине, оларды әлем чемпионатында қалдырғымыз келеді, алайда тізім бар болғаны 25 адамдық. Олар бұл қатарға кірмеді, жігіттер жақсы ойнайды және әрі қарай жетіле береді. Келесі маусымда олар құрамада болады деп ойлаймын.

- Дмитрий Гренц осымен екінші рет жиынға шақырылып, негізгі тізімге кірмей қалып отыр ма?

- Айтпағым: Димада бәрі бар, тек жылдамдықты, қозғалысты арттырса болды. Және тартыста бастысы – көбірек жеңу. Орталық шабуылшы ретінде ол өте ақылды, техникасы мықты жігіт, пасты жақсы береді, алайда қорғаныста әлі де еңбектену керек.

- Иван Степаненконың да орны ойсырай ма?

- Ваня да Латвияға қарсы бірінші ойында жарақат алды. Біз үшін үлкен шығын, себебі біз оны алдыңғы шепке қоюды жоспарлап отырғанбыз. Нұр-Сұлтандағы жиында мықты жаттықты, ойындарға физикалық тұрғыдан да, ойша да дайын болды.

Батырлан Мұратов бойынша мен бұған дейін де айттым: техникасы мықты шабуылшы, алайда турнир қысқа, сондықтан әзірге алғашқы екі звенода орын жоқ. Біздің жас жігіттерге – Батырлан Мұратовқа, Максим Мухаметовке, Денис Каратаевқа және жиындардың барлық жиындарына қатысқан барлық жас ойыншыларға алғыс айтамын. Барлығы жиылып, тырысып, барын салғандарына рақмет, олардың бойындағы қуат бізге де күш берді. Жігіттердің күш-жігері қайнап тұр, олар өз екпінімен команданы да жандандырды. Олар да «Барыстың» жиынына қатысып, кейін құрамаға қосамыз деп ойлаймын.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ