logo
Юрий Михайлис: «Соңына дейін беріспедік»

Хоккейден әлем чемпионатындағы екінші матчын Қазақстан құрамасы Франция командасына қарсы өткізді. Біздің хоккейшілер бірінші болып есеп ашты, алайда екі шайба өткізіп, нәтижесінде турнирдегі екінші жеңілісіне ұшырады. Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Михайлис өткен матчқа қатысты пікір білдірді:

- Бүгін біз өте жинақы ойнадық, бірінші кезеңде жақсы бастадық, аймақтан шығуларымыз жақсы болды, ұйымдасқан түрде қоян-қолтық ойнадық. Өз аймағымыздан жақсы шабуыл шығардық, онымыз сәтті болып, гол салдық. Бірінші кезеңді бақылауда ұстадық. Екінші кезеңде бастаманы қарсыласқа беріп қойдық, шайбаға олар иелік етіп, біз кей жерлерде осалдық таныттық. Қарсылас екі гол салды. Үшінші кезеңде ойын барысын бұруға тырыстық. Прессинг көп болды, алайда ұмтылысымыз ақталмады.

- Екінші кезеңнің соңында Блэкер аластатылды...

- Қажетсіз аластату салдарынан гол өткіздік. Жігіттерге шыдау керектігін ескерттік. Шыдамдылық танытып, тәртіпті ойнау керек. Қайдағы бір аластату салдарынан шайба өткізіп алдық. Ойын жалпы алғанда екпінді, ережелерге сай болды.

- Екінші кезеңнің соңында осы сәт ойынның тағдырын шешті ме?

- Иә, кезең бітер кезіндегі аластату мен гол шешті, әрине, өткізбеуіміз керек еді.

- Француздар да жылдамдық бойынша жақсы қимылдады ма?

- Иә, жақсы, еңселі ойыншылар болды. Әйтеуір біздің қорғаушылардың шамасы жетті оларға.

- Енді алда демалыс күні ме?

- Иә, демалып, келесі матчқа дайындалатын боламыз.

- Оның пайдасы тие ме?

- Меніңше, тиеді.

- Қарсылас біраз соққыны тоқтатқан сияқты.

- Иә, тағы да айтамын, екі иығына екі кісі мінгендей алып ойыншылары, шайба өтетіндей саңылау табу қиын. Алайда біз шабуылдадық, біздің тарапымыздан бұғаттау көп болды. Соңына дейін беріспедік.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ