logo
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словакиядан жеңіліп, турнирді төртінші орынмен аяқтады

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қорытынды матчын бірінші дивизионның А тобында Қазақстан құрамасы Словакия командасына қарсы өткізді. Турнир иелері төрт матчта төрт рет жеңіске жетіп, топ-дивизионнан орын дайындап қойды. Қазақстан үшін бұл матч ештеңе шешпеді. Бірінші кезеңде есепті словактар ашты, екіншісінде үстемдіктерін екі еселеді. Ойынның 37-минутында Роман Ермак есеп айырмашылығын азайтты. Үшінші кезеңнің басында алаң иелері есепті 3:1 етті. Алайда біздің хоккейшілер қарсыластың қақпасын соққылауды жалғастырды, Илья Шапоров екінші голды салды. Шайба тасталғаннан кейін дереу Всеволод Логвин есеп теңестірді. Алайда кездесудің аяқталуына бес минут қалғанда словактар тағы да алға шықты, ал соңғы минутта бос қақпаға салды – 5:3. Қазақстан құрамасынан матчтың үздік ойыншысы Алдияр Нұрлан, ал команданың турнирдегі үздік хоккейшісі Артем Авдеенко болды.

Алдияр Авдеенко

Словакия – Қазақстан 5:3 (1:0, 1:1, 3:2)

1:0 - 11:07 – Дворски (Стрбак, Черник) ГБ

2:0 - 26:20 – Черник (Молнар)

2:1 - 36:27 – Ермак (Логвин, Селезнев)

3:1 - 42:04 – Хонзек

3:2 - 47:33 – Шапоров (Оспанов, Нұрлан)

3:3 – 47:40 – Логвин

4:3 – 54:30 – Черник (Дворски, Молнар)

5:3 – 59:35 – Натны ПВ

Юрчак (Элиас, 47:40-60:00) – Никитин

Осылайша, топ-дивизионға Словакия мен Норвегия шықты. Қола медальдарды Франция хоккейшілері иеленді. Қазақстан құрамасы турнирді төртінші орынмен аяқтады. Бір де бір балл алмаған Жапония А тобынан шығады.

ФОТО: IIHF.COM

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі - Sport Qory спортты қолдау қоры


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ