logo
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әлем чемпионатында екінші рет жеңіске жетті

Құрлықтық хоккей лигасының батыс конференциясы финалының жетінші матчында мәскеулік ЦСКА санкт-петерборлық СКА-ны жеңіп, Гагарин Кубогінің финалына шықты. Финалистер құрамында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц ойнайды.

Бұған дейін магнитогорлық «Металлург» серияда 4:1 есебімен челябілік «Тракторды» жеңіп, шығыс конференциясының жеңімпазы атанған болатын. Магнитогорлықтардың финалға шығуына Қазақстан құрамасының шабуылшысы Павел Акользин үлес қосты. Сонымен қатар осы клубтың құрамында Алексей Маклюков өнер көрсетеді. Алайда, өкінішке орай, қорғаушы плей-оффтың екінші раундындағы матчта ауыр жарақат алды.

Еліміздің ұлттық командасының екі хоккейшісі құрлықтық біріншіліктің финалында бір-біріне қарсы ойнайды. Оларға табыс тілейміз және ойыншыларымызды құрама сапында күтеміз!

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі - Sport Qory спортты қолдау қоры


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ