logo
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы. Қорытынды. Пікірлер

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында екінші рет элиталық дивизионға жолдама алды. Соңғы рет мұндай деңгейде жасөспірімдер 2003 жылы ойнады, ол кезде үздік бомбардир Константин Пушкарев атанды. Турнир басталар алдында жасөспірімдер екі жолдастық матч ойнап, Францияға (7:2) және Жапонияға (7:1) қарсы ойындарда ірі жеңіске жетті. Әлем чемпионатының басында Венгрия (3:0) және Жапония (5:0) командаларын жеңді. Алайда үшінші матчта фавориттердің бірі Даниядан ірі есеппен жеңілді. Енді жолдама бірінші ойында Жапонияға жол берген даниялықтардың қолында болды, алайда барлық ойында жеңіске жеткен жағдайда жеке кездесулер бойынша біздің юниорлардың алдын орап кетуі мүмкін еді.

Соңғы ойынның алдындағы матчта даниялық хоккейшілер турнир иелерімен ойнап, бір балды уыстан шығарып алды. Ал қазақстандықтар болса, Украинаны жеңді (5:0), Франциямен матчта үш ұпай жинау қажет болды. Барлығы ойдағыдай болды: бірінші болып гол салдық, қарсылас есеп теңестіріп, жанкүйерлерімізді біршама алаңдатты, алайда біздің жігіттер сенімді түрде жеңіске жетіп (6:1), лайықты медальдары мен жоғары деңгейдегі дивизионға жолдама алды. Команда 2005 жылы туылған хоккейшілерден жиналған, олардың көпшілігі Қазақстан жастар лигасында «Барыс» үшін ойнайды және жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Сергей Старыгиннің шәкірттері. Қазақстанның басқа командаларынан да басқа ойыншылар, сондай-ақ Финляндиядан Дәулет Нұркенов пен Александр Ким және Канададан Рахат Оспанов шақырылды.

- Мұнда расында да жақсы команда жиналды. Позициялар бойынша шабуыл өте жақсы болды. Қорғанысқа қатысты мәселелер болды, алайда шабуылшылар да қорғаныс функцияларын орындайтындай етіп құрдық, тату, үйлесімді команда шықты. Нәтижеге көңіліміз толады, тапсырма орындалды. Тек Даниямен жағдай солай болып қалды... Мен турнир алдында айтқанымдай, психология үлкен рөл атқарады. Айтқанымдай болды. Олар салды, біз салмадық. Әрине, барлығы жастар құрамасына үміткерлер ретінде қарастырылады, себебі негізгі үміткерлер 2004, 2005 жылғылар. Оларға бапкерлер штабы баға береді.

Артур Гросс пен Асанәлі Русланұлы – жеңіп алынған шайба тастаулар бойынша орталық шабуылшылардың бестігінде. Глеб Решетько +9 пайдалылық көрсеткішімен +/- кестесінде төртінші қатарды иеленді. Турнир бомбардирлерінің бестігіне Кирилл Ляпунов пен Әділ Бейсембаев енді. Әділ Бейсембаев Венгриямен бірінші ойында дубль жасады:

Өткен жылы да мен әлем чемпионатына қатысатын құрамаға ендім, - дейді «Астана» форварды. – Өткен жылғы турнирмен салыстырғанда, әрине, биыл өзімді сенімдірек сезіндім. Оның үстіне, қарсыластармен бұған дейін ойнадық. Сондықтан турнир, оның ұйымдастырылуы туралы жалпы түсінік бар. Өткен жылғы тәжірибе биылғы Чемпионатта дайындықты көрсетуге жақсы бастама болды. Иә, мен басқа клубтанмын, алайда аса бір қиындық туындаған жоқ. Жігіттердің көпшілігін танимын, бапкерлер штабымен де таныспын, командамен бірнеше мәрте шықтым. Қарсыластарды мықты не осал деп бөліп-жармадық, әрбір ойынға тек жеңу үшін шықтық.

Турнирдің үздік қақпашысы және Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы ретінде Владимир Никитин танылды. Голкипер үш матчта қақпасына шайба жуытпады, сондай-ақ үздік статистика көрсетті. Sports.kz-ке берген сұхбатында голкипер эмоциясымен бөлісті:

- Мен өзім де үздік атанам деп күтпедім, онда бұған лайық жақсы қақпашылар көп болды деп санаймын. Өте қуаныштымын, тек жеңіс – «алтын» үшін ойнадық, ал жеке марапаттар аса маңызды емес. Алған әсер тамаша, біз жыл бойы – өткен жыл, биыл осы турнирге дайындалдық, мақсатымыз айқын болды, элитаға шығу қажет болды, бұл біздің жасөспірімдер деңгейіндегі соңғы жылымыз. Осылай бұған дейін ұдайы кездесіп жүрген тұтас командамен шыққанымыз жақсы болды. Даниямен матчта мүмкін «өшіп қалдық». Жаттығуға шыққанда бапкер бірден мына мазасыздықтан құтылыңдар деді. Эмоцияны тізгіндей алмадық, сол үшін де сазайымызды тарттық.

Бір жылдан кейін элиталық дивизионда бір жасқа кіші ойыншылар ойнайды, құрам 100 пайызға жаңарады деуге болады. Алайда осы жасөспірімдер құрамасы бірінші дивизионның А тобында өнер көрсетіп, желтоқсан айында элитаға жолдама алуға тырысатын жастар құрамасына енуге мүмкіндік алады.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ