logo
30 апреля 2023
ЖӘЧ-2023. Қазақстан құрамасы Францияны жеңіп, топ-дивизионға шықты

Францияда бірінші дивизионның А тобында хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қорытынды матчта біздің жасөспірімдер турнир иелері – Франциямен кездесті. Есепті Александр Мигунов ашты, ізінше қарсылас есеп теңестірді. Бес минуттан аз уақыт ішінде Никита Ситников Қазақстан командасын тағы да алға шығарды. Содан соң Бейбарыс Оразов есепті 3:1 етті. Екінші кезеңде Кирилл Канкин үстемдікті арттырды. Ойынның үшінші кезеңінде Франция қақпасына тағы екі шайба аттанды: Давлат Нуркенов пен Егор Левковец көзге түсті – 6:1. Қазақстан құрамасынан матчтың үздік ойыншысы Александр Мигунов болды.

Франция – Қазақстан – 1:6 (1:3, 1:0, 0:2)

0:1 - 01:55 – Мигунов (Леута, Канкин)

1:1 - 05:53 – Серре (Бессо, Видаль) ГБ

1:2 - 11:18 – Ситников (Мигунов)

1:3 - 15:10 – Оразов (Бейсембаев)

1:4 - 33:15 – Кинкин (Мигунов, Шакшакбаев)

1:5 - 52:13 - Нуркенов

1:6 - 58:57 – Левковец

Қақпашылар: Флере – Никитин

Осылайша, 5 матчта 4 рет жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның А тобында бірінші орын иеленді және 20 жылда алғаш рет жасөспірімдер хоккейінің топ-дивизионына шықты.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ