logo
25 ноября 2022
Өскеменде Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасының ОЖЖ өтіп жатыр

2023 жылдың 26 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Болгарияның София қаласында екінші дивизионның «В» тобында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Біздің команда Ислания, Жаңа Зеландия, Болгария, Бельгия және Эстония командаларына қарсы ойнайды.

20 қарашада Өскеменде ОЖЖ басталып, Қазақстанның 7 қаласынан 26 үміткер жиналды. 22 алаң ойыншысы мен 4 қақпашы бақылануда, турнирдің соңғы өтініміне 22 хоккейші – 18 алаң ойыншысы мен екі голкипер енеді. Жиын 30 қарашада аяқталады.

Қазақстан қыздар құрамасының бас менеджері Виктория Сазонова ОЖЖ қалай өтіп жатқанын айтып берді:

- Жаттығулар тығыз жүріп жатыр, бірінші күні 1,5 сағаттан мұздағы екі жаттығу болды. Келесі күні мұздағы жаттығу мен кешке жолдастық ойын болды. Онкүндік жиын осылай өтеді, сенбі – демалыс. Алайда оны да пайдалы өткізбекшіміз. Ойындардың видеоларын қарап, тактикалық сабақ пен қалпына келтіру шараларын жүргіземіз.

«Торпедо-2008» жасөспірімдерімен ойнадық. 0-11 есебімен жеңілдік, әзірге жігіттерге сырғанау жылдамдығы, төзімділік пен шешім қабылдау жылдамдығы тұрғысынан жол беріп келеміз. Алайда бізге өзімізден жылдам қарсыласпен ойнау өте маңызды, себебі осындай ойындарда тартысуды, шабуылды бұзып, соққыларды бұғаттауды үйренеміз.

Сондай-ақ «Торпедо-2010» командасымен жолдастық матч өткізуге дайындалып жатырмыз. Қазақстанның хоккей федерациясы ОЖЖ, жақсы спарринг-серіктестермен матчтар өткізу қажеттілігі туралы барлық ұсыныстарымызға қолдау білдірді. Жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырған ҚХФ-ға алғыс білдіргім келеді. Жаттығу үшін мұзайдынын ұсынған «Торпедо» бас директоры Виктор Николаевич Быстрянцевке деген алғысымыз бөлек.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ