logo
29 ноября 2022
Қарағандыда Jas Nomad бағдарламасының таныстырылымы болып өтті

29 қарашада Қарағандыдағы «Қарағанды Аренада» Jas Nomad республикалық хоккейшілерді даярлау бағдарламасының таныстырылымы болып өтті. Қазақстанның хоккей федерациясының өкілдері бағдарлама туралы айтып берді, Қарағанды және Ұлытау облыстары хоккей мектептерінің басшылары мен бапкерлерін негізгі аспектілермен таныстырды. Мұндай шараларды Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізу жоспарда бар.

«Біз барлық әріптестер жиналғанына қуаныштымыз. Қызу пікірталас болды, - деп қорытындылады таныстырылымды ҚХФ атқарушы директоры Алексей Мамонтов, - бағдарламаны таныстырдық, оның құрылымы жөнінде айтып бердік, барлық сұрақтарға жауап бердік. Қызу диалог болды. Бағдарлама бойынша бүкіл ақпараттың онлайн қолжетімді болғанына, сайт барына қарамастан, біз өңірлерге барып, балалармен жұмыс жасайтын бапкерлермен тікелей тілдескіміз келеді. Біз мұның тартысты әңгіме, диалог болғанын қалаймыз, кері байланыс алғымыз келеді».

«Біз бағдарламаны қуана қабыл алдық, мұндағы ақпарат әрбір бапкер, тұтас Қазақстан үшін пайдалы. Біз бұл бағдарламаны күттік, өз жұмысымыз барысында пайдаланатын боламыз. Біздің бапкерлеріміз бағдарламаны, қызықты жаттығуларды сынап көрді, жоспарға біртіндеп енгізуді жоспарлап отырмыз. Алайда әрбір бапкер жұмысты өзі жүргізіп, бағдарламаны зерттеп, өз сабақтарына енгізуі тиіс» - деді бағдарлама жөнінде Қарағанды облысы ОМБЖОРМ аға бапкері Алексей Гордин.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасының экс-ойыншылары Талғат Жайлауов пен Константин Пушкарев 8-9 жастағы хоккейшілерге арнап шеберлік сыныбын өткізді.

Маусым соңына дейін Jas Nomad бағдарламасының көшпелі таныстырылымдарын ғана емес, сондай-ақ әрбір дайындық кезеңі үшін мамандандырылған семинарлар өткізу жоспарланып отыр.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ