logo
23 января 2023
Универсиада-2023. Қазақстан құрамасы қола жүлдені жеңіп алды

Дүниежүзілік Универсиаданың қола медальдары үшін матчта Қазақстан құрамасы Жапония командасымен кездесті. Бірінші кезеңде біздің хоккейшілер артық құраммен есеп ашты, гол Максим Мухаметовке тиесілі. Екінші кезеңде біздің хоккейшілер үстемдікке ие болып, тағы 4 шайба салды. Максим Мусоров, Саян Данияр, Әлихан Өмірбеков гол салды. Батырлан Мұратов кем құраммен шайба дарытты. Соңғы минутта қарсылас бір гол сала алды. Ойынның үшінші кезеңінде біздің хоккейшілер есепті 8:1 етті, Әли Қасенов, Максим Мухаметов пен Данил Бутенко.

Жапония - Қазақстан 1:8 (0:1, 1:4, 0:3)

0:1 - 06:51 - Мухаметов (Диханбек, Мұратов) ГБ

0:2 - 22:05 - Данияр

0:3 - 24:32 - Мусоров (Мухаметов, Диханбек)

0:4 - 25:37 - Өмірбеков (Мухаметов)

0:5 - 38:28 - Мұратов (Мухаметов)ГМ

1:5 - 39:07 - Абе (Гондайра, Ова) ГБ

1:6 - 42:06 - Қасенов

1:7 - 47:49 - Мухаметов (Мұратов, Бутенко) ГБ

1:8 - 49:25 - Бутенко (Мухаметов, Дёмин)

Қақпашылар: Сато (Накамура, 25:37 - 60:00) - Шутов

Қазақстан хоккей федерациясы Allur компаниясына 2023 жылғы қысқы Универсиадаға қатысу үшін хоккейден Қазақстан құрамасының АҚШ-қа шығуын ұйымдастыруға демеушілік көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ