logo
​Қазақстан құрамасы Норвегиядан жеңілді

Норвегиямен матчқа қатысатын құрамға Юрий Михайлис шағын өзгерістер енгізді, алғаш рет әлем чемпионатына Дмитрий Гурков қатысты.

Бірінші кезеңде Қазақстан құрамасы қарсыласты тықсырумен болды, алайда гол бірінші кезеңнің аяқталуына 4 минут қалғанда ғана салынды. Дмитрий Шевченко қарсы шабуылда шепті бұзып өтіп, голкипермен бетпе-бет қалып, әлем чемпионатындағы өзінің алғашқы шайбасын салды.

Екінші кезеңде біздің хоккейшілер көпшілік құрам ұйымдастыра алмады, алайда норвегиялықтар өз мүмкіндігін пайдаланды. Матиас Треттьенстің соққысынан кейін Томас Валквэ Олсен шайбаны Қазақстан қақпасына бағыттады – 1:1.

Үшінші кезеңнің екінші минутында норвегиялықтар алға шықты, Стефан Эспеланд гол салды. Біздің команданың көпшілік құраммен гол салатындай жақсы сәттері болды, алайда қарсыластың қорғанысы мен қақпашысы мызғымады. Финалдық ысқырыққа бір минут қалғанда Норвегия хоккейшілері бұл матчқа нүкте қойып, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасынан қорғаушы Джесси Блэкер үздік ойыншы атанды.

Норвегия - Қазақстан 3:1 (0:1, 1:0, 2:0)

0:1 - Шевченко (Сведберг) - 16:00

1:1 - Валькве Ольсен (Треттенес, Холёс) - 27:57 ГБ

2:1 - Эспеланд (Треттенес, Россели Ольсен) - 41:08

3:1 - Олимб М. (Олимб К.) - 59:00

Қақпашылар: Хёукеланд - Бояркин

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ