logo
Қазақстан құрамасы Италияны жеңіп, элиталық дивизионда қалды
Қазақстан – Италия матчы қос команда үшін де топ дивизиондағы орнын сақтайтын шешуші ойын болды. Есепті Қазақстан хоккейшілері ашты, артық құраммен Кертис Волк шайба салды. Италиялықтар көп ұзамай артық құраммен есеп теңестірді, алайда араға бір минут салып, Валерий Орехов Қазақстан құрамасын алға шығарды. Екінші кезеңде Әлихан Әсетов есеп айырмашылығын арттырды, ізінше қарсылас есеп айырмашылығын бір шайба етті. Мұнан кейін қазақстандық хоккейшілер қақпаның алдында қарсыласты тығырыққа тіреумен болды, алайда гол салудың орайы келмеді. Кезеңнің соңында Михаил Рахмановқа қарсы күштік амал үшін Дилан Перла бесминуттық айып алып, ойын соңына дейін аластатылды. Артық құраммен Роман Старченко, кейін тең құраммен Никита Михайлис салды. 5:2 – жеңіс Қазақстандікі. Никита Михайлис матчтың үздік ойыншысы атанды.

Қазақстан - Италия 5:2 (2:1, 1:1, 2:0)
1:0 - 11:22 - Волк (Диц, Старченко) ГБ
1:1 - 14:57 - Макнелли (Мильоранци) ГБ
2:1 - 15:59 - Орехов (Михайлис, Рахманов) 
3:1 - 24:29 - Асетов (Петухов, Блэкер) 
3:2 - 25:26 - Костнер (Перна, Хэннун) 
4:2 - 43:29 - Cтарченко (Диц, Блэкер) ГБ
5:2 - 46:02 - Михайлис (Орехов, Акользин) 

Қақпашылар: Шутов - Бернард (Фацио, 46:02 - 60:00)
Осылайша Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топ-дивизионындағы орнын сақтап қалып, келесі жжылы әлемдік хоккейдің элитасында ойнайды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ