Жастар арасындағы әлем чемпионаты аясындағы өзінің үшінші матчын Қазақстан құрамасы Дания командасына қарсы өткізді.
Бірінші кезең голсыз өтті, алайда екіншісінде біздің хоккейшілер екі минут ішінде қатарынан екі шайба салды, дубль Константин Морожниковтің қоржынында. Алайда көп ұзамай, Иван Гавриленко ойын соңына дейін 5+20 айып минуттарын алды. Алаң иелері дереу артық құраммен гол салды, алайда қалған уақытта біздің хоккейшілер кем құраммен төтеп берді. Үшінші кезеңде Руслан Оспанов Қазақстанның үстемдігін нығайтты.
Қазақстан – Дания – 4:1 (0:0, 2:1, 2:0)
1:0 – 31:37 - Морожников (Цыбин, Шульга)
2:0 – 33:08 – Морожников (Шетле, Комаров)
2:1 – 33:45 – Банг (Ларсен, Алмквист) ГБ
3:1 – 45:05 – Оспанов
4:1 – 58:24 – Шульга (Кайыржан) ПВ
Қақпашылар: Павленко – Баден
Біздің құрамадан матчтың үздік ойыншысы Константин Морожников болды. Келесі матчты Алексан Истоминнің ойыншылары бүгін кешке Беларусь құрамасына қарсы өткізеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 21:30-да басталады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ