logo
12 ноября 2022
Қазақстан құрамасы Минскідегі турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы спорт клубы президенті кубогінің қорытынды матчында Ресейдің қыздар құрамасымен кездесті. Қатысушы-командалардың бапкерлері айтқандай, олар үшін бұл ерекше тәжірибе болыпты. Қарсыластар қыздар хоккейінің қағидаларына сай күштік әдістерсіз ойнады. Бірінші кезеңде біздің жасөспірімдер екі гол салды, Семен Симонов пен Кирилл Канкин көзге түсті. Екінші кезеңде ресейлік хоккейшілер бір шайба қайтара алды, алайда кезеңнің соңына қарай есеп Қазақстанның пайдасына 6:1 болды. Шайба салғандар – Владимир Корчагин, Роман Большедворский, Арыстан Амырканов, Адиль Бейсембаев. Үшінші кезеңде ойынның нүктесін Артем Кошевник қойды.

Біздің жасөспірімдер құрамынан өткен ойынның үздік ойыншысы команда капитаны Семен Симонов атанды.

Қазақстан U18 – Ресей қыз. – 7:1 (2:0, 4:1, 1:0)

1:0 - 00:55 - Симонов С. (Бейсембаев, Оразов)

2:0 - 07:05 - Канкин (Лукавенко, Мигунов)

2:1 -23:41 - Савонина (Фаляхова, Буданова)

3:1 - 25:35 - Корчагин (Оразов)

4:1 - 35:42 - Большедворский (Гросс, Корчагин) ГБ

5:1 - 38:29 - Амырканов

6:1 - 39:21 - Бейсембаев (Симонов С., Ситников

7:1 - 50:29 - Кошевник (Манаш)

Қақпашылар: Истомин – Третяк

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ