logo
24 ноября 2022
Jas Nomad бағдарламасын Қазақстанның барлық өңірлерінде енгізу бойынша жоспар әзірленді

А.ж. 29 қарашасы күні «Қарағанды Арена» мұз кешенінде Jas Nomad бадарламасын Қарағанды және Ұлытау аудандарының хоккей мектептеріне таныстыру болып өтеді. Қарағандыдағы таныстырылымға Қарағанды, Теміртау және Сәтбаев балалар командаларының басшылары мен бүкіл бапкерлер-оқытушылар құрамы, ЖОО өкілдері шақырылды. Іс-шара аясында Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері жарияланып, мұзда шеберлік сыныптары өткізіледі.

Алғашқы таныстырылым қазан айында Астанада өтті. Федерация тарапынан бағдарламаны енгізу, үйлестіру, коммуникация және мониторинг жүйесі бойынша жоспар әзірленді. 2022-2023 жылғы маусым соңына дейін Бағдарламаны Қазақстанның барлық өңірлерін аралап таныстыру жоспарланып отыр.

Таныстырылымдармен қатар келесі жылы әрбір дайындық кезеңіне сәйкес модульдер мен блоктарға бөлінген семинарлар өтеді. Семинарларда мамандар бағдарламаның барлық бөлімдерін: физиологияны, психологияны, тамақтануды, практикалық нұсқаулықты егжей-тегжейлі талдайды.

Қаңтар-ақпан айында Астанада спорттық-сауықтыру кезеңінде жұмыс жасайтын әдіскерлерге, меңгерушілер мен бапкерлерге, 5-7 жастағы балалармен жұмыс жасайтын мамандарға арналған семинар жоспарланған. Бұл жоспарлы түрде физикалық дайындықты дамытып, хоккейге деген сүйіспеншілікті оятатын дайындықтың ең маңызды кезеңдерінің бірі.

7-11 жастағы балалардың бастапқы дайындығына арнап бөлек екі семинар жоспарланып отыр, екі семинар сондай-ақ 11-15 жастағы балаларға арналған оқу-жаттығу кезеңі бойынша өтеді. Сонымен қатар қақпашылар бапкерлері үшін жеке семинар мен шеберлік сыныбын өткізу жоспарда бар.

Біздің мақсат – бапкерлердің білімін жаңарту, әдістемелік жаңалықтар туралы хабардар ету, кері байланыс алу. Нәтижеге жету үшін әрбір бапкердің Бағдарлама мақсатын дұрыс түсініп, оның базалық қағидалары мен пайымдарын ұстанып, өз идеяларын іске асырып, бағдарлама ұсынған құралдарды іс жүзінде тиімді пайдалана алуы маңызды.

Jas Nomad бағдарламасымен толығырақ jasnomad.kz сайтында танысуға болады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ