logo
14 октября 2022
JAS NOMAD бағдарламасының таныстырылымы 18 қазанда өтеді

18 қазан 11:00-де «Барыс Арена» баспасөз орталығында «JAS NOMAD» республикалық жас хоккейшілерді даярлау бағдарламасының таныстырылымы болып өтеді. Таныстырылым аясында Қазақстан хоккей федерациясының басшылары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Ресей хоккей федерациясының, Орал мемлекеттік дене шынықтыру университеті мен ҚР Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының өкілдері сөз сөйлейді. Таныстырылымды сонымен қатар Kazakhstan Hockey youtube-арнасында онлайн-форматта тамашалауға болады. Көрсетілімге сілтеме федерацияның барлық интернет-ресурстарында – icehockey.kz және pro.ligasy.kz сайттарына жарияланады.

Таныстырылым бағдарламасы шеңберінде сондай-ақ Қазақстан құрамасының экс-ойыншылары, қазір бапкерлікпен айналысып жүрген Талғат Жайлауов пен Константин Пушкарев шеберлік сыныбын өткізеді.

JAS NOMAD – ұйымдастырушылық, жаттығу, бәсекелестік қызметтің барлық аспектілерін, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің физикалық, психикалық, эмоционалдық және танымдық қасиеттерін кезең-кезеңімен дамыту қағидаттарын қамтитын хоккейшілерді даярлау жүйесін дамыту және жетілдіру бағдарламасы. Бағдарламада қазіргі заманғы жетекші хоккей державалары мен ИИХФ-ның кәсіби ойыншыларын даярлаудағы тәжірибе мен тәсілдер жинақталып, заманауи жағдайларға және жергілікті менталитетке бейімделген.

Өту жоспары:

11.00–12.00 – таныстырылым

12.00–12.50 – кофе-брейк

13.00–14.15 – мұздағы шеберлік сыныбы

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ