logo
9 апреля 2023
«Мықтылар» санатындағы жасөспірімдер арасында ҚРЧ жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Барлық жас санаттарындағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші туры аяқталды. Оның қорытындысы бойынша шайбалы хоккейден республикалық біріншіліктің чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды.

Осылайша, 11 жасқа дейінгі санатта, 2011 жылғы жасөспірімдер арасында төртінші тур Қарағандыда өтті, маусым бойы жүлде үшін 10 команда таласты. Бірінші орынды «Барыс» иеленді, оның ізін «Астана» мен «Торпедо» жалғады.

Келесі U-12 жас санатында да «Барыс» БЖСМ шәкірттері чемпион атанды. Чемпионаттың күміс және қола медальдарын «Торпедо» және «Юность» ойыншылары иеленді. Барлығы чемпиондық үшін 8 команда тартысты, шешуші тур Астанада «Барыс Аренада» өтті.

13 жасқа дейінгі санатта (2009 ж.т.) да «Барыс» бірінші болды, «Юность» пен «Торпедо» екінші және үшінші орынды алды. Барлығы 9 команда қатысты. Төртінші турды да «Барыс» қабылдады.

2008 ж.т. жасөспірімдер арасында медальдар елордалық хоккей мектептері арасында бөлініске түсті. «Алтынды» – «Барыс», екінші орынды – «Астана», үшінші орынды «Номад» алды. Қарағандыда аяқталған жарыстарда 6 команда өнер көрсетті.

15 жасқа дейінгі санатта да «Барыс» бірінші орын алды, «күміс» – «Юность» командасына, ал «қола» «Торпедоға» бұйырды. Өскеменде өткен турға 6 ұжым қатысты.

U-16 жас санатында «Астана-1» бірінші орын алды, күміс медальді «Юность» (Қарағанды) иеленді, жүлдегерлер үштігін «Астана-2» тұйықтады. Қорытынды турды «Астана» қабылдады, чемпиондық үшін бес ұжым таласты.

Айтып өтетін жайт, U-13-тен U-16-ға дейінгі төрт санатта алдыңғы үшінші тур көшбасшыларынан жасақталған, жас санаттары бойынша құрамалар өнер көрсетті. Бұл ретте әрбір команда есептен тыс бір жасқа жоғары санатта өнер көрсетті.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ