logo
24 января 2024
«Өзімізге қойылатын талапты күшейтуіміз қажет» - Виктория Сазонова 18 жасқа дейінгі қыздар Әлем чемпионатын қорытындылады

Нидерландыда хоккейден юниор қыздар чемпионаты аяқталып, оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бесінші орынды иеленді және IIA дивизиондағы орнын сақтап қалды. Қыздар құрама командаларының бас менеджері Виктория Сазонова ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұқхбатында турнирді қорытындылады.

- Виктория, алдымен әлем чемпионатын қорытындылайық. Дайындық жақсы болды. Бесінші орын сіз күтпеген нәтиже ме?

- Дайындықты расында да іргелі жүргіздік. Біз өткен жылы IIB дивизионында жеңіп, тек рейтинг бойынша көтеріліп қана қоймай, жоғарырақ деңгейде ойнауымыз керектігін, оңай болмайтынын және жекелеген ойыншылардың қасиеттеріне сеніп отыруға болмайтынын білдік, түсіндік. Сондай-ақ команданы даярлау барысында ойыншыларды жүлделі орындарға дайындадық, алайда биылғы дивизиондағы 5-орын біздің командамыздың ілгері жылжып келе жатқанының көрсеткіші. Жылдам болмаса да, табандылықпен, қажырлы еңбекпен бір дивизионнан екіншісіне оңай өттік. Өткен жылы төменірек дивизионда бірінші болдық, биыл бәсекеге қабілетті командаға айналдық.

- Барлығы 0:4 есебімен есе жіберген Ұлыбританиямен матчтан басталды, қарсыластар деңгейі бойынша бізден айтарлықтай үстем болды ма?

- Ұлыбритания командасы – осы дивизионның көшбасшылары, олар 1-дивизиондағы жолдама үшін тартысуға келді, командада тепе-теңдік бар, 3 теңдей звеномен ойнайды, ал бізде өкінішке орай, бір звено ғана екпінді ойын көрсетіп, қалған екеуі көмекші рөлде.

- Сондай-ақ Латвияға қарсы айтарлықтай біркелкі матч болды. Онда неге жолымыз болмады?

- Латвиямен матч соққылар бойынша да, шабуылдар саны бойынша да расында теңдей дәрежеде өтті. Бастысы, өзіміз туғызған сәттерді жүзеге асыра алмай қалдық. Үшінші кезеңде шайба екі рет қарсылас қақпасының сызығы бойынша сырғып, әрі қарай өтпеді. Бұл ойында бірінші звеноның шабуылшысы Кира Крухольская жарақат алды, әрі қарай біз құрамды өзгертуге мәжбүр болды. Осылайша, екінші звеноны әлсіретіп алдық.

- Команда құрамы туралы толығырақ айтып беріңізші. Ойыншылардың жасы 15 пен 17 аралығында. Тәжірибе мен шеберлік жетіспеді ме? Біздің ойыншылардың орташа жасы қарсыластан қаншалықты ерекшеленді?

- Мұнда мәселе тіпті ойыншылардың тәжірибесі мен шеберлігінде емес, біздің спортшылар жауынгерлік рух көрсетті. Бүгінгі таңда бізде басқа елдермен салыстырғанда аталмыш жас санатындағы үміткерлердің таңдауы шектеулі, нәтижесінде бәсеке де әлсіз. Ресми деректерге сүйенсек, хоккеймен айналысатын әйелдер саны Латвияда – 223, Нидерландыда – 362, Қытайда – 822, Түркияда – 435, Ұлыбританияда – 864, Қазақстанда –173. Бұл қатарға 15-18 жас арасындағы юниоркалар мен ересектер кіреді.

- Қайткенде де құрам жоғарырақ топта алғаш рет ойнап тұр. Қандай қорытынды жасадыңыздар?

- Бұл біздің ойыншылар мен бапкерлер үшін әрине қажетті, маңызды әрі қызықты тәжірибе. Мықты және шебер қарсыластармен матчтарда өзімізді сынап көру мүмкіндігі. Қорытынды, әрине, жасалды. Егер біз ойнап, әрі қарай жылжығымыз келсе, өзімізге қойылатын талапты күшейтуіміз қажет. Әрбір ойыншы командалық жаттығулардан бөлек, өз бетімен дамуы тиіс. Мұндай қарсыластармен ойындарда қақтығыс көп болады, жарақат алу қаупі жоғары. Демек, ойыншыларымызға физикалық қалыпты да жетілдіру қажет.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ