logo
16 марта 2023
ҚХЛ-дағы біздің жігіттер. Қазақстан құрамасы ойыншыларының плей-оффтың бірінші раундының қорытындысы бойынша ойыны

Қазақстан құрамасы ойыншыларының көпшілігі жиналған елордалық «Барыс» маусымның басты бөлігіне жетпей, плей-оффқа шықпады. Алайда біздің ұлттық құраманың ойыншылары Лиганың басқа клубтары құрамында Гагарин кубогі үшін жорығын жалғастыруда. Олардың ойынын өз материалымызда қорытындылаймыз:

«Адмирал»

ҚХЛ-дың Гагарин кубогінің биылғы маусымының сенсациясы – владивостоктық «Адмиралдың» ҚХЛ плей-оффының екінші раундына шығуы. Бір маусым бұрын Леонид Тамбиевтің командасы Шығыстағы үздіктердің сегіздігіне ене алмады. Биылғы қарапайым бюджетке қарамастан 7 матчтың қорытындысы бойынша «Салават Юлаевты» жорықтан шығарды. Владивостоктық клуб құрамында екі қазақстандық қорғаушы – Леонид Метальников пен Валерий Орехов өнер көрсетеді. Соңғысы «Адмиралға» маусым барысында «Металлургтен» ауысып, плей-оффтың бірінші раундында 5 матч ойнады. Метальников келісімшартқа өткен жылы қол қойды, плей-оффта 6 матч ойнап, 1 (0+1) нәтижелі балл иеленді.

«Ак Барс»

Екінші раундтағы «Адмиралдың» қарсыласы – қазандық «Ак Барысқа» да «Нефтехимикпен» бірінші раунд матчтарында оңай болған жоқ. Конференцияның жартылай финалисі алты кездесудің қорытындысы бойынша белгілі болды. Қазақстандық Кирилл Панюков қазандық клуб үшін екінші маусым ойнауда, тұрақты чемпионатта 44 матч өткізіп, плей-оффтың бірінші раундының 7 кездесуінің барлығында алаңға шығып, 1 шайба салды.

«Металлург»

Магнитогорскіде екінші маусымын қорғаушы Алексей Маклюков пен шабуылшы Павел Акользин өткізуде. «Металлург» жетінші матчта «Автомобилисті» жеңіп, екінші раундқа жолдама алды. Акользин алтыншы матчта хет-трик жасады, бұл командаға сериядағы есепті теңестіруге мүмкіндік берді. Павел сияқты Алексей Маклюков те плей-оффтың бірінші раундының барлық 7 матчына қатысты.

«Автомобилист»

Екатеринбургтік «Автомобилист» тұрақты чемпионатты «Магниткадан» жоғарырақ орынмен аяқтады. Алайда команда әрі қарай өте алмады. Кертис Волк тамаша нәтиже көрсетті: плей-оффта +8 пайдалылық көрсеткішімен 10 ұпай (4+6) жинады. Осылайша, плей-оффтың бірінші раундының үздік бомбардирі атанды. Джесси Блэкер 7 матчта бір нәтижелі пас берді. Қазақстан құрамасының қос ойыншысы да «Автомобилисте» екінші маусымын өткізуде.

ЦСКА

Батыста мәскеулік ЦСКА құрамында Гагарин кубогі үшін жорықты Даррен Диц жалғастыруда. ЦСКА табанды «Северстальді» жетінші матчта ғана жеңді. Қазақстан құрамасының қорғаушысы бірінші раундта 7 матч өткізіп, +4 пайдалылық көрсеткішімен 2 (1+1) балл жинады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының сегіз ойыншысы – Леонид Метальников, Валерий Орехов, Кирилл Панюков, Павел Акользин, Алексей Маклюков және Даррен Диц екінші раундта Гагарин кубогі үшін таласты жалғастыруда.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ