logo
13 декабря 2023
ЖӘЧ-2024. Әлем чемпионатындағы үшінші жеңіс
Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатындағы (IA)  үшінші матчын Франция командасына қарсы өткізді. Осы кездесудің алдында үш ұжым бірдей ұпай санына ие болып, кестедегі бірінші орыннан үмітті болды. Француздар, австриялықтар мен біздің құрама турнирде екі жеңістен қоржынға салды. Бірінші кезеңде есепті Давлат Нуркенов ашты: кем құраммен шайба салды. Ойынның екінші кезеңінде Егор Смольянинов артық құрам ұйымдастырып, үстемдікті еселеді. Ойынның аяқталуына 7 минут қалғанда Давлат Нуркенов дубль жасады. Матчтың нүктесін Александр Ким қойды - 4:0. Турнирдегі үшінші жеңіс. 

Қазақстан - Франция - 4:0 (1:0, 1:0, 2:0)
1:0 - 08:48 - Нуркенов (Бреус, Бейсембаев) ГМ
2:0 - 31:19 - Смольянинов (Ермак, Логвин) ГБ
3:0 - 52:10 - Нуркенов (Ким, Оразов) ГБ
4:0 - 53:59 - Ким (Смольянинов, Ляпунов) 
Қақпашылар: Никитин - Келлер
Келесі матчты Сергей Старыгиннің ойыншылары ертең Жапония командасына қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен 17:30-да басталады, ойынды Insport телеарнасы көрсетеді.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ