logo
20 декабря 2022
ЖӘЧ-2023. Қазақстан құрамасының көрсеткіштері

Хоккейден Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатына сапарын аяқтады. Үш кездесудің негізгі уақытында жеңіске жетіп, турнирдің күміс медальдарын мойынға тақты. Соңғы шешуші матчта біздің хоккейшілер Норвегияға жол беріп, қарсылас топ-дивизионға шықты. Қазақстан «жастарының» үздік ойыншысы болып «Барыс» форварды Дінмұхамед Қайыржан танылды, алайда әлемдік біріншілікте басқа да ойыншылар белгілі бір нәтижелерге қол жеткізіп, түрлі статистикалық көрсеткіштер бойынша турнирдің топ-15-іне кірді. Сандар сөйлесін.

Турнирдегі тойтарылған соққылар пайызы бойынша үздік нәтиже «Снежные барсы» голкипері Роман Шеферге тиесілі. Оның көрсеткіші – 92.8%. Қақпашы бір шатаут рәсімдеп, 5 кездесудегі 269:56 минут ішінде 116 сейв жасады. Бұл ретте ойыншы 2022-2023 жылғы маусымда Pro Ligasy-да 6 матч өткізді.

Шабуылшылар Роман Ермак (4+1), Всеволод Логвин (3+2), Дінмұхамед Қайыржан (2+3), Алдияр Нұрлан (1+4) 5 ұпайдан жинап, ӘЧ бомбардирлерінің топ-15-іне кірді. Қайыржанды қоспағанда, олардың үшеуі келесі жастар біріншілігіне қатыса алады.

Мұнан басқа, Роман Ермак 4 гол салып, турнирдің үздік сұрмергендерінің бірі атанды, дәл осынша шайбаны венгриялық Бенце Ховард пен франциялық Эмиль Тавернье салды.

Сондай-ақ біздің команданың форвардтары Всеволод Логвин (+7), Роман Ермак (+6), Алдияр Нурлан (+5), Даниил Цыбин (+5) мен Дінмұхамед Қайыржан (+4) +/- көрсеткіштері бойынша пайдалы ойыншылардың топ-15-іне кірді. Бұл ретте Логвин +/- жалпы жиынтық кесте бойынша аталмыш көрсеткіш бойынша екінші орында тұр.

Илья Шапоров ұтып алынған шайба тастаулар бойынша екінші орын алды. Оның қоржынында 55-тің 35-і бар, пайыз бойынша 63,6%, оны Франция командасындағы Пол Шмитт 4,22%-ға басып озды.

Дінмұхамед Сапарбек ұтып алынған шайба тастаулар бойынша 14-ші орында, ол 75-тің 38-ін ұтып алды, ұтып алу пайызы – 49,33%.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ