logo
15 декабря 2023
Бірінші арна кубогі-2023. 3х3 турнирінің қорытындысы
Санкт-Петерборда Бірінші арна кубогі аясында өтіп жатқан 3х3 турнирінің матчтары аяқталды. Бірінші матчта Қазақстан құрамасы Ресей 25 командасымен кездесті. Бұл ойында есепті Әлихан Әсетов ашты, алайда көп ұзамай қарсылас алға шықты және есеп бойынша алға кетті. Есепті Абай Маңғысбаев теңестірді, алайда Ресей ойыншылары шайбаны өз бақылауына алып, тағы үшеуін салды. Есеп – 5:2. 

«Ресей-25» – Қазақстан 5:2 (2:2, 2:0, 1:0)
0:1 – 03:27 – Әсетов (Александров, Кенесбай)
1:1 – 03:33 – Старков (Зинченко)
2:1 – 05:23 – Шабанов (Конюшков)
2:2 – 06:25 – Маңғысбаев 
3:2 – 11:51 – Зинченко (Конюшков, Старков)
4:2 – 12:46 – Кузьмин (Гребенщиков, Давыдов)
5:2 – 19:30 – Кузьмин (Гребенщиков)

Қақпашылар: Иванов – Амирбеков

Басқа жартылай финалда «Звезды и ВХЛ» мен Беларусь құрамасы кездесті. Алғашқылары буллиттер бойынша жеңіп, үшінші орын үшін матчта біздің құрама Беларусьпен ойнады. Есепті тағайындалған айып соққысын жүзеге асырған Мәди Диханбек ашты. Үстемдікті Данил Бутенко еселеді. Бірінші кезеңнің соңына қарай Максим Мусоров есепті 3:0 етті. Белорустар бір шайбаның есесін екінші кезеңде қайтарды, ал үшіншіде тағы біреуін салды. Одан соң қарсылас қақпашысын алып тастап, 4-ке 3 форматында есеп теңестірді. Ойынның тағдырын матчтан кейінгі соққылар сериясы шешіп, онда Беларусь командасы басым болды.

Қазақстан – Беларусь 3:4 Б (3:1, 0:0, 0:2, 0:1)
1:0 – 01:51 – Диханбек ШБ
2:0 – 03:48 – Бутенко (Мусоров)
3:0 – 06:29 – Мусоров (Шульга)
3:1 – 09:44 – Пинчук (Сотишвили, Мойсевич)
3:2 – 18:03 – Кузнецов (Денисов)
3:3 – 20:40 – Мороз (Пинчук, Кузнецов) 
3:4 – 21:00 – Денисов Б

Қақпашылар: Амирбеков – Мойсевич

Осылайша Қазақстанның 3х3 құрамасы турнирде төртінші орын иеленді.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры



БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ