logo
22 сентября 2022
ҚХФ «Jas Nomad» республикалық хоккейшілерді даярлау бағдарламасын таныстырады

2022 жылдың 18 қазанында Астанада Қазақстанның хоккей федерациясы «Jas Nomad» бағдарламасының алғашқы бес блогын таныстырады. 5-6 жас, 6-7 жас, 7-8 жас, 8-9 жас және 9-10 жас санаттарына арналған таныстырылым «Барыс Аренада» өтеді.

Федерация Орал мемлекеттік дене шынықтыру университетінің Екатеринбург филиалымен бірлесіп «Jas Nomad» республикалық хоккейшілерді даярлау бағдарламасын жасаумен және әзірлеумен айналысады.

Бұл бағдарлама ұйымдастыру, жаттығу және бәсекелестік қызметтің барлық аспектілерін қамтитын хоккейшілерді даярлау жүйесін дамыту және жетілдіруді мақсат етеді.

Бағдарламада жетекші хоккей державаларының (Канада, АҚШ, Швеция, Ресей, Финляндия, Чехия және т.б.) және халықаралық хоккей федерациясының (ИИХФ) кәсіби ойыншыларын даярлаудағы тәжірибесі мен тәсілдері жинақталып, бүгінгі күннің талабы мен жергілікті ұстанымдарға бейімделген.

«Jas Nomad» бағдарламасы 5 жастан 15 жасқа дейінгі жас санаттары үшін 10 блоктан және қақпашыларға арналған практикалық нұсқаулықтан тұрады.

Бағдарламаны іске асыру ойыншыларды, командаларды, жаттықтырушыларды даярлаудың жаңа сапалы деңгейін, басқарудың жоғары тиімділігін және жаттығу мен жарыс процестерін ұйымдастыруды көздейді. Бұл жаттықтырушылар мен әдіскерлер үшін негізгі жұмыс құралы болады деп жоспарлануда.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп спорт резервін дайындаумен айналысатын барлық БЖСМ мен ұйымдарда бағдарламаны енгізу мәселесі пысықталуда. Бағдарлама материалдарының негізінде жаттықтырушыларды тұрақты түрде аттестаттаудан өткізу жоспарланып отыр.

Веб-сайт жасалады, онда бағдарламаның барлық материалдары ашық қолданыста болады, оларды біліктілік деңгейіне қарамастан барлық жаттықтырушылар мен мамандар пайдалана алады.

Спикер ретінде бағдарламаны жасаушылар, ҚР МжСМ және ҚР Республикалық оқу-әдістемелік талдау орталығы өкілдерінің сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Бағдарламаның тұсаукесеріне барлық балалар және жасөспірімдер хоккей мектептерінің басшылары, жаттықтырушылар шақырылады. Аталған іс-шараны өткізу аясында бағдарлама әзірлеушілерінің қатысуымен баспасөз конференциясы, сондай-ақ мұзда мастер-класс өткізу жоспарланған.

Барлық іс-шаралар Федерацияның стримингтік платформаларында онлайн режимде көрсетілетін болады. Барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Тұсаукесерді өткізу, трансляцияға қосылу туралы толығырақ қосымша хабарланатын болады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры


 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ