logo
Қазақстандық жасөспірім қыздар Латвиядан жеңілді

Екінші дивизионда жасөспірім қыздар әлем чемпионатындағы алғашқы матчын Қазақстан құрамасы Латвия командасына қарсы өткізді. Қарсыластар бір күн бұрын Нидерландтан жеңілген болатын.

Бірінші кезеңде біздің қыздар басым болды – үш рет артық құраммен ойнады, алайда гол сала алмады. Есепті латвиялық хоккейшілер кездесудің 13-ші минутында ашты, кейін бір минут ішінде Қаақстан қақпасына тағы екі шайба дарытты. Екінші кезеңнің басында Кира Крухольская бір гол салды, алайда қарсыластар біздің команданың қақпасына тағы екі жауапсыз шайба салды. Осылайша қазақстандықтар турнир басында 1:5 есебімен жеңілді.

Қазақстан – Латвия – 1:5 (0:3, 1:2, 0:0)

0:1 – 12:47 – Колите (Яковлева)

0:2 – 15:49 – Сарлоте

0:3 – 16:24 – Рулле

1: 3 – 20:54 – Крухольская (Мескини, Войцицкая)

1:4 - 28:13 – Колите (Зусевица, Рулле)

1:5 – 37:49 – Рулле (Кезика) ГБ

Қақпашылар: Агеева – Стадника

Өткен кездесудің үздік ойыншысы Қазақстан салған жалғыз голдың авторы – Кира Крухольская. Келесі матчты Виктория Сазонованың ойыншылары күні ертең Нидерланд командасына қарсы өткізеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ