logo
16 февраля 2024
Jas Nomad. Бастапқы даярлық кезеңінің жаттықтырушыларының біліктілігін арттыру курстары аяқталды

11-16 ақпан аралығында «Барыс Аренада» 7-9 жас аралығындағы балалармен жұмыс істейтін бастапқы даярлық кезеңінің жаттықтырушыларының біліктілігін арттыру курстары өтті. Бұған дейін мамандар онлайн оқытудан өтті, ал екінші кезеңде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жаттықтырушылар тиісті дәрістерді тыңдап қана қоймай, мұз үстінде, залда, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабақтардан өтті. Олар тек балалармен жұмыс істеп қана қоймай, барлық жаттығуларды өздері сынап көрді.

«Бірінші онлайн кезең бір аптаға созылады, - деді ҚХФ атқарушы директоры Алексей Мамонтов, жаттықтырушылар физиология, психология, тамақтану және қалыпқа келу бойынша материалдар тыңдайды. Келесісі жаттығулар аптасы, барлық жаттықтырушылар келіп, ЖДД, мұздағы жаттығулар бойынша сабақтар өтеді. Сондай-ақ, барлық қатысушылар алғашқы медициналық көмек – жүрек-өкпе реанимациясы курстарынан өтті, автоматты дефибрилляторды және басқа да маңызды дағдыларды қолдануды үйренді. Сонымен қатар қатысушылар өзара тілдеседі, басқа мектептерден әріптестер келеді, олар өз тәжірибелерімен, әдістемелерімен бөліседі. Пікірлерге сүйенсек, курстар өнімді өтіп жатыр, егер алғашқы күндері жаттықтырушылар өзара танысып-біліссе, соңына қарай қоян-қолтық араласып кетті. Жұмыс жақсы жүріп жатыр, нәтижесін жақын аралықта көреміз деп үміттенеміз», - деді Алексей Мамонтов.

Қорытынды күндердің бірінде 10 жасқа дейінгі балалар арасындағы чемпионат матчтары өтетін кросс-мұз форматындағы ойын жаттығулары өтті. Кіші жастағы жарыстар алаңның жартысында, кішірейтілген қақпамен, турнир кестесі мен статистика есепке алынбастан өтеді.

«Бірінші кезекте Қазақстанның хоккей федерациясына Қазақстанның барлық жаттықтырушылары бас қосқан осындай шеберлік-сыныбы, семинарлар үшін алғыс айтқым келеді, бұл – үлкен тәжірибе. Жаңа Jas Nomad республикалық бағдарламасы – бұл қазақстандық хоккейді дамытудағы үлкен қажам, жас жаттықтырушылар келіп жатыр. Және маңыздысы хоккейді сүйіп, онымен айналысу ғана емес, сонымен қатар балалармен жұмыс жасау, оларды дамыту. Бұл бағдарлама әрбір жаттықтырушыға көмектеседі, бұл біздің энциклопедиямыз сияқты, балаларды дұрыс бағытта дамытуға көмектеседі, - деп өз әсерімен бөлісті оралдық балалар мектебінің жаттықтырушысы Линар Гатиятов.

Елдегі хоккей география кеңейіп келеді және өткен жазда Түркістанда жаңа мұз сарайы пайдалануға берілді, сонымен қатар балаларға арналған хоккей мектебі ашылды. Еліміздің оңтүстік өлкесіндегі тәжірибелі жаттықтырушылардың бірі Ильмир Каримов қазір Қазақстан картасындағы жаңа хоккей қаласында жұмыс жасап жатыр.

«Біз бір ай ішінде 90 адам қабылдадық, - деді Ильнар Каримов, онда хоккейге ұл балалар көбірек келеді. Біз өзіміз Шымкенттенбіз, мұнда хоккейдің дамып келе жатқанына 13 жыл болды, екі команда Қазақстан чемпиондары атанды. Жастар командасын құруға барлық жағдай жасалған және мұнымен айналысатын боламыз. Мұндай бағдарлама жасаған федерацияға рақмет. Бұл менен бұрын, жас жаттықтырушылар үшін тамаша іс. Хоккей – балалармен мұзда жұмыс жасау ғана емес, сондай-ақ қағаз жұмыстары – жоспарлар құру, әдістемелік жұмыс. Көптеген жас мамандар осының барлығын үйренеді», - деп өз пікірін білдірді тәжірибелі маман.

Оқытудың қорытындысы бойынша барлық жаттықтырушылар – 37 қатысушы аттестациядан өтіп, курстан өткені туралы тиісті сертификаттарын алды.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ