logo
26 января 2024
Jas Nomad. Жаттықтырулашылардың курстары 29 қантарда басталады

«Jas Nomad» республикалық хоккейшілерді даярлау бағдарламасын енгізу аясында 29 қаңтар мен 16 ақпан аралығында Астанада 7-9 жастағы балалармен жұмыс жасайтын бастапқы дайындық жаттықтырушыларның біліктілігін арттыру және аттестаттау курстары өтеді. Оқыту екі кезеңнен онлайн және офлайн сессиялардан тұрады.

Онлайн режимдегі курстар 29 қаңтарда басталып, 3 ақпанда аяқталады. Оффлайн сабақтар 11 және 16 ақпан аралығында өтеді. Шақырылған спикерлер ретінде «Jas Nomad» бағдарламасының жұмыс тобының мүшелері, Уральск мемлекеттік дене шынықтыру университетінің оқытушылары, ғылым кандидаттары: Сурина-Марышева Е.Ф., Легостаева Е.С., Вашляев Б.Ф., Вашляева И.Р., Фарафонтов М.Г., Трутко А.И, топ жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Сазонов И. Ю., сондай-ақ Ресей хоккей федерациясының басқарма мүшесі Деменьшин В.П. сөз сөйлейді.

Біліктілікті арттыру курстарынан Қазақстанның барлық өңірлерінен келген хоккей мектептерінің жаттықтырушылары мен мамандары өтеді. Естеріңізге сала кетейік, қараша айының басында 5-7 жас аралығындағы балалармен спорттық-сауықтыру кезеңінде жұмыс істейтін жаттықтырушылар мен мамандар үшін біліктілікті арттыру және аттестаттау курстарының бірінші легі өтті.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ