logo
8 ноября 2023
Георгий Верещагин: «Басты міндеті – команданы көктемдегі әлем чемпионатына төселтіп алу»

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Георгий Верещагин Президенттік спорт клубы кубогіндегі Беларусь командасымен матчтқа қатысты пікір білдірді:

- Жақсы, тартысты матч болды. Тек үшінші кезеңде көп аластату алып қойдық. Үшеулеп, төртеулеп Беларусь құрамасы сияқты мықты командаға қарсы ойнау қиын. Жігіттердің көпшілігі үшін бұл – тәжірибелеріндегі алғашқы халықаралық матч. Бұл құраманың әзірге халықаралық тәжірибесі жоқ, жұмыс жасаймыз. Қарсылас – жақсы, шебер ойнайтын команда. Басты міндеті – команданы көктемдегі әлем чемпионатына төселтіп алу.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ