logo
19 декабря 2021
Александр Истомин: «Жігіттерге барын салғандары үшін алғыс айтамын»
Қазақстан құрамасы Данияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша төртінші орын алды. Қазақстанның жастар құрамасының бас бапкері Александр Истомин Латвиямен матчты, сонымен қатар командамыздың өткен әлем чемпионатындағы өнерін қорытындылады.
- Бүгінгі ойын бойынша айтар болсақ, соңғы ойынды ұтсақ деп, жігерленіп шықтық. Қарманып, медаль алуға болар еді. Өкінішке орай, бәрі біз ойлағандай болмады, кем құраммен ойнағанда шайбалар өткіздік. Алайда қайткенде де, бүкіл турнирдің қорытындысы бойынша барлық жігіттерге барын салғандары үшін алғыс айтқым келеді. Бірде болды, бірде болмады. Әйтсе де, осы жарыстар – келесі әлем чемпионатына қатысатындар үшін де баға жетпес тәжірибе. Барлық жанкүйерлерге, команда үшін тақымын қысып отырған шын жанашырларымызға қолдаулары үшін алғыс айтамын. Сәтсіздіктерге қарамастан, әрдайым жігіттердің жанынан табылатыны үшін рақмет. Жігіттер жарады, бірде-біріне өкпем жоқ, аянып қалмады, мұны алаңнан тыс та айтқанмын. Әзірге шеберлік деңгейіміз осындай.

- Максим Павленко турнир қорытындысы бойынша команда құрамындағы үздік ойыншы атанды.
- Меніңше, бұл әділетті шешім. Максим расында тамаша ойнады.

- Ал Николай Шульга үздік бомбардир атанды ма?
- Коля – мықты. Мен Коля Шульга, Костя Морожников, Даниил Цыбин, Алдияр Нұрлан сияқты жігіттерді ерекше атап өткім келеді. Жақсы деңгейде ойнады, мықты. Егер біреу-міреуді атамай кеткен болсам, барлығының тырысқанын, өз деңгейін көрсеткенін айтқым келеді.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ