logo
11 февраля 2023
Александр Истомин: «Байқап-бағамдап, үйренетін дүние көп»

Беларусьте өтетін «Болашақтың кубогіне» көбіне-көп Қазақстан жастар лигасынан ойыншыларды жіберу туралы шешім қабылданды. Ал олардың көпшілігі бір де бір рет халықаралық деңгейде өнер көрсетпеген. Нәтижесінде үш кездесуде үш жеңіліске ұшырады, және олардың бірінде Ресей жасөспірімдер командасынан 0:9 есебімен ойсырай жеңілді. Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Александр Истомин өткен турнирді қорытындылады:

- Турнир біз үшін көп нәрсені байқап қарайтын пайдалы турнир болды. Жігіттердің көпшілігі алғаш рет Қазақстан құрамасы формасын киді. Жігіттердің деңгейіне қатысты туындаған сұрақтар көп, жігіттер дұрыс қорытынды жасайды деп үміттенем, өз клубтарына аттанады. Осы турнирге қатысқаннан кейін бұрынғыдан әлдеқайда өнімді еңбектенетін болады.

- Гол салынған бірінші матч, не өзгерді? Бәлкім ішкі күй, әлде тактика ма?

- Бізге бұл матчтарда жоғалтатын ештеңе жоқ. Өткен матчтарда гол соғатын сәттер болды. Бүгін іске асырудың сәті түсті. Барлығы жігіттердің басында қайнап жатыр, олар барлығын жақсы түсінеді, көріп отыр, тартысып, жеңуге деген құлшыныстары жоғалған емес, ол бірінші орында болуы тиіс. Бүгін жарады, өз голдарын сала алды, әйтеуір қуантарлық жайт.

- Жігіттер көбінесе Қазақстан жастар лигасынан, эксперименталды құрам, үшінші ойынға қарай ойын өрнегін тапты деуге бола ма?

- Эксперименталды құрам, бұл деңгей хоккейдің кіріспесі сияқты. Осыған дейін айтқанымдай, ЖХЛ жас лига және оның деңгейі аса биік емес. Және жігіттер халықаралық жарыстарға келгенде қиналады, сондықтан біз барлық жерде бір қадам артта келе жатырмыз. Бүлінген ештеңе жоқ, турнир пайдалы болды, байқап-бағамдап, үйренетін дүние көп.

- Қаланың ішін аралап үлгердіңіздер ме?

- Маған қатты ұнады, кең. Хоккейге бардық, минскілік «Динамоның» «Спартакпен» матчына бардық. Мен мұнда 2014 жылы әлем чемпионатында, «Минск Аренада» болдым. Мұндағы «Чижовка» да тамаша арена, жағдайы өте жақсы, жақсы әсер қалдырды.

- «Снежные Барсы» командасында ойнамайтын жаңа үміткерлердің арасынан көзіңізге түскені бар ма? Мысалы, Пиниди 13-ші болды, кейін көтеріліп, төртінші болды. Бүгін үшінші звенода ғой?

- Жігіттер жақсы әсер қалдырады. Жігіттер мінезді, жақсы қабілеттері бар, құлшыныстары зор. Иә, болмай жатыр, мұз, техника жетіспейді. Жұмыс жасайды, мұның бәрі келеді. Оңқай жігіт – Пономаренко Игорь ұнады. Көп шайба өткізгеніне қарамастан, қақпашыны атап өтуге болады. Бұл жігіт те мақтауға тұрарлық, құтқарып жатты, арасында аса маңызды емес голдарды өткізді. Біз де оны қалдырып, мүмкіндік бердік. Кейбірі қатты көңілді қалдырды, себебі одан көп үміт күтіп қойдық.

- Жалпы алғанда, командадан көбірек нәтиже күттіңіз ғой?

- Жалпы, бұл жігіттердің не үшін шақырылғанына қатысты қорытынды жасау керек. Өз-өздеріне берген бағаларын асырмай, аяқтары жерге тиетіндей. Мұнда олар біздің дәл қазіргі деңгеймізді және немен жұмыстануымыз керектігін көрсетті.

- Жалпы, турнир келесі маусымның құрамасын жасақтауға қалай әсер етеді және көпшілігі халықаралық деңгейде алғаш ойнаған ойыншылардың өздеріне қалай әсер етеді?

- Үйде бәсекеге қабілетті және осы команданы нығайтатын жігіттер бар. Ол анық. Арасынан бірен-сараны қалып, бір топ басқа жігіт шақырылады.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ