logo

«JAS NOMAD»
Мақсаты: Хоккейшілерді даярлау жүйесін дамыту және жетілдіру, жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру.

Міндеттері:
1) Бағдарламаны әзірлеу және енгізу – 2020 ж. шілде–тамыз;
2) Мамандарды қайта даярлау – 2020 ж. қыркүйек – 2021 ж. сәуір;
3) Мамандарды аттестаттау – 2021 ж. мамыр.

Сипаттама: Бағдарлама балалар мен жасөспірімдердің физикалық, ақыл-ой, эмоционалдық және танымдық қасиеттерін кезең-кезеңмен дамыту қағидаттарын және ұйымдастырушылық, жаттығу және жарыстық іс-әрекеттің барлық аспектілерін қамтитын болады. Бағдарлама барлық БЖСМ мен хоккей бөлімдері үшін міндетті болады – бұл бапкерлердің, әдіскерлердің негізгі жұмыс құжаты.

«Jas Nomad» РХДБ құрылымы
1) Пайымы мен негізгі қағидалары
2) Қақпашыларды даярлау бойынша практикалық нұсқаулық
3) Жас топтарының жаттықтырушыларына арналған практикалық нұсқаулық (әр жас бойынша):
- негізгі қағидалар;
- мұздағы жаттығу;
- жердегі жаттығу;
- оқу жоспарлары;
- жоспар-конспектілер.

Серіктестер:
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі;
- ҚР Білім және ғылым министрлігі;
- Ресейдің хоккей федерациясы.