logo
16 января 2024
ЮҚӘЧ-2023. Қазақстан құрамасы Түркия командасын ойсырата жеңді
IIA дивизиондағы юниор қыздар арасындағы әлем чемпионатының екінші матчында Қазақстан құрамасы алғашқы минуттардан бастап Түркия командасын шабуылдап бастады. Бірінші кезеңде біздің қыздар 14-ші минутта екі жылдам шайба және әрі қарай тағы бір шайба салды. Ойынның екінші кезеңінде қарсыластың қақпасына тағы үш гол салынды. Үшінші кезең шайбасыз өтті. 6:0 – Қазақстан құрамасының жеңісі.

Біздің команда құрамынан матчтың үздік ойыншысы осы ойында дубль жасаған капитан София Зубкова болды.

Түркия – Қазақстан – 0:6 (0:3, 0:3, 0:0)
0:1 – 01:40 – Яковлева
0:2 – 01:57 – Зубкова (Феоктистова, Хохлова)
0:3 – 13:46 – Крухольская (Зубкова)
0:4 – 20:06 – Зубкова ГБ
0:5 – 26:10 – Хохлова (Тоққожа)
0:6 – 34:10 – Раковская
Қақпашылар: Коксал (Акинч, 26:10-60:00) – Агеева
Келесі матчты Мария Федоренконың ойыншылары 18 қаңтар күні Латвия командасына қарсы өткізеді, матч Астана уақытымен 21:30-да басталады. Тікелей көрсетілім Insport телеарнасында жүреді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ