logo
21 января 2024
ЮҚӘЧ-2023. Қорытынды матчта жеңіліске ұшырадық
Юниор қыздар арасындағы әлем чемпионатының қорытынды матчын Қазақстан құрамасы Нидерланд командасына қарсы өткізді. Бірінші кезеңнің соңына қарай қарсылас үш шайбамен алда келе жатты, кездесудің ортасына қарай біздің хоккейшілер есеп алшақтығын минимумға дейін қысқартты, алайда қарсылас тағы да шайба салды. Үшінші кезеңнің алғашқы үш минутында қазақстандықтар есеп теңестірді, алайда қарсыластың тағы екі голы кездесудің тағдырын шешті – 4:6. Турнирде төртінші рет жеңіліске ұшырадық.
Нидерланд – Қазақстан – 6:4 (3:0, 1:2, 2:2)
1:0 –03:24 - Олстоорн (Кнааке, Илксой) ГБ
2:0 - 07:14 – Ондервотер (Олстоорн)
3:0 – 10:19 – Коге
3:1 – 22:14 – Яковлева (Феоктистова)
3:2 – 27:29 – Тоққожа (Раковская)
4:2 – 32:50 – Луб ГБ
4:3 – 41:09 – Яковлева
4:4 – 42:43 – Пивень (Феоктистова)
5:5 – 51:00 – Олстоорн (Маджоле)
6:4 – 58:16 – Олстоорн (Коге) ГБ
Қақпашылар: Агеева (Павловская 20:00-60:00), Веркайк
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді тек бесінші орынмен аяқтады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ