logo
1 февраля 2023
ЖҚӘЧ-2023. Қазақстан құрамасының Исландиямен ойнайтын құрамы

Бүгін хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы екінші дивизионның В тобындағы қорытынды матчын Исландия командасына қарсы өткізеді. Біздің құрама төрт кездесудегі төрт жеңісінен кейін турнир кестесінің көшін бастап келеді. Қарсылас 9 балл жинап, қоржынға үш жеңіс салған, олардың біреуі овертаймда жеткен жеңіс. Екінші дивизионның А тобына шығу үшін біздің хоккейшілерге негізгі уақытта жеңілмей, бір балл жинау жеткілікті. Өткен жазда командалар кейінге шегерілген турнирде ойнап, біз 2:0 есебімен жеңген болатынбыз. Бапкерлер штабы алдағы кездесуге келесі құрамды ұсынды:

Қақпашылар: Прицкер (Агеева)

Мескини (А) – Сериккызы, Крухольская – Зубкова (К) – Нусупова

Яковлева – Кишекеева, Раковская (А) – Филимонова – Войцицкая

Халикова – Хохлова, Пивень – Токкожа – Животовская

Маратханкызы, Климова – Жакулина

Бас бапкер: Мария Федоренко

Кездесу Астана уақытымен 00:00-де басталады. Көрсетілімді Sport Broadcast Youtube-арнасынан тамашалай аласыздар.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

 

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ