logo
29 января 2023
ЖҚӘЧ-2023. Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді

IIB дивизиондағы жасөспірімдер әлем чемпионатының үшінші матчында Қазақстан құрамасы Бельгия командасымен кездесті. Қарсыластардың қоржындарында екі жеңістен болды, тек бір балға кем болды. Кездесу тартысты болды, есепті біздің хоккейшілер ашты, бірінші шайбаны София Раковская салды, әрі қарай София Зубкова үстемдікті екі еселеді. Бельгиялықтар бірден жауап берді, ал екінші кезеңде екі гол салып, есеп бойынша алға шықты. Алайда үшінші кезеңде біздің хоккейшілер шайбаны өз бақылауына алып, Кира Крухольская артық құраммен есеп теңестірді, ал София Зубкова нәтижесінде хет-трик жасады. Қазақстан құрамасынан матчтың үздік ойыншысы Катрин Мескини болды.

 

Қазақстан – Бельгия 5:3 (2:1, 0:2, 3:0)

1:0 – 04:53 – Раковская (Войцицкая)

2:0 – 09:31 – Зубкова

2:1 – 09:44 – Хов (Паулисен)

2:2 – 26:47 – Кудидила (Хов)

2:3 – 37:40 – Семпельс (Соммершу)

3:3 – 44:20 – Крухольская (Зубкова) ГБ

4:3 – 47:30 – Зубкова (Яковлева)

5:3 – 57:05 – Зубкова (Мескини, Яковлева)

Агеева (Прицкер 00:00-37:40) - Бельманс

Осылайша, Қазақстан құрамасы 9 ұпаймен біріншіліктің турнир кестесінің көшін бастады. Келесі матчты біздің хоккейшілер 31 қаңтар күні Эстонияға қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 17:00-де басталады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ