logo
Қазақстанның жасөспірім қыздар құрамасы ӘЧ-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Хоккейден жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өзінің үшінші матчын Исландияға қарсы өткізді. Кездесу барысында біздің хоккейшілер басымдылық танытты және қақпаға 45 соққы бағыттады. Екінші кезеңде есепті Шолпан Тоққожа ашты. Кездесудің соңында матчтың нүктесін Медина Кишекеева қойды. 2:0 – турнирдегі алғашқы жеңіс. Қазақстан құрамасынан үздік ойыншы ретінде 25 соққыға тойтарыс беріп, қақпасына шайба жуытпаған голкипер – Кира Прицкер атанды.

Қазақстан – Исландия – 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)

1:0 - 29:24 – Тоққожа (Войцицкая)

2:0 - 58:53 – Кишекеева (Раковская, Жансейткызы)

Қақпашылар: Прицкер – Бакман

Келесі матчты Виктория Сазонованың ойыншылары 3 шілде күні Мексика командасына қарсы өткізеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ