16 апреля 2025
Қыздар құрамасы төртінші орын алды, Арина Щеколова – үздік ойыншы
Қыздар әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы төртінші орын иеленіп, ІВ дивизиондағы орнын сақтап қалды. «Алтын» мен дивизион бойынша өсімді Италия командасы иеленді, екінші орынды Латвия, үшінші орынды Ұлыбритания жеңіп алды. «Қола» мен біздің хоккейшілердің арасын екі ұпай бөлді. Словения құрамасы топтан шығып қалып, келесі маусымда ІІА дивизионында ойнайды.
Біздің құрамадан үздік ойыншы атанған – қақпашы Арина Щеколова. Турнирдің барлық бес матчында ол 160 соққыға тойтарыс берді, 91,25% сенімділік коэффициентімен әрбір ойында орта есеппен 2,8 шайба өткізді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ