logo
13 апреля 2024
Қазақстан қыздар құрамасы IB дивизионына шықты

Испанияға қарсы матч Қазақстан құрамасы үшін шешуші болды. Қос команда да 4 матчта 4 рет жеңіске жетіп, жоғарырақ дивизионнан үмітті болды. Бірінші кезең 1:1 есебімен аяқталды, екіншісінде қарсыластар екі рет алға шықты. Алайда үшінші кезеңде біздің хоккейшілер есеп теңестірді, ал матчтың соңғы минутында чемпионат иелерінің қақпасына тағы екі шайба аттандырды. 5:3 – жеңіс. Қазақстан құрамасы IB дивизионына оралды!


Қазақстан - Испания - 5:3 (1:1, 1:2, 3:0)
0:1 - 09:58 - Хименес (Фернандес, Муньос)
1:1 - 10:06 - Свиридова (Алдабергенова)
1:2 - 27:48 - Хименес (Муньос, Фернандес)
2:2 - 33:48 - Оразбаева ГБ
2:3 - 39:48 - Муньос (Охаре)
3:3 - 41:41 - Оразбаева (Саяхаткызы М.)
4:3 - 59:22 - Шегай
5:3 - 59:46 - Ашимова ПВ
Қақпашылар: Щеколова - Гонсало

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ