logo
Қазақстан қыздар құрамасы (U-18) Стамбулдағы әлем чемпионатында ойнайды

27 маусым мен 5 шілде аралығында Түркияның Стамбулында өтетін екінші дивизиондағы әлем чемпионаты алдында Алматыда 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының ОЖЖ жалғасуда. Турнир 2022 жылдың қаңтарында өтуі тиіс болған, алайда әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өтпей қалды. Көктемде қыздар арасындағы біріншілікті қайта жаңғырту туралы шешім қабылданды.

Біздің құрамадан басқа турнирде тағы 8 команда – Ұлыбритания, Түркия, Мексика, Латвия, Нидерланд, Испания, Австралия мен Исландия өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасы В тобында Латвиямен және Нидерландпен ойнайды. Қатысушылар үш топқа бөлінген, топтық раунд аяқталғаннан кейін турнир кестесіндегі орындарды анықтайтын кездесулер өтеді. Өз тобында бірінші, екінші және үшінші орындарды алған әрбір команда өз тобында тиісті орындар алған қарсыластармен кездеседі. 

Қазақстан құрамасы алғашқы матчын 27 маусым күні Латвияға қарсы, топтағы екінші кездесуін 29 маусым Нидерланд командасына қарсы өткізеді. Бірінші дивизионның В тобына бір команда – біріншілік жеңімпазы көтеріледі.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ