logo
4 апреля 2023
Қазақстан қыздар құрамасы Астанада ОЖЖ өткізеді

17 және 23 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында қыздар арасындағы хоккейден 1В дивизиондағы әлем чемпионаты өтеді. А тобына жолдама алу үшін Қазақстан құрамасы Польша, Италия, Корея, Ұлыбритания және Словения командаларымен тартысады. 8 сәуір күні Виктория Сазонованың жетекшілігіндегі команда Астанада жиналып, бастапқы жиынды өткізеді. 12 сәуір күні біздің қыздар Кореяға аттанып, 15 сәуір күні Ұлыбритания құрамасымен бақылау матчын өткізеді. 17 сәуір күні Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатын Ұлыбританияға қарсы матчпен ашады. Матчтардың кестесі мен нәтижелерді Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайтынан қарай аласыздар.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ