Қазақстан қыздар құрамасы Қытаймен жолдастық матч өткізеді

5 қараша күні Өскеменде хоккейде Азия әйелдер чемпионаты басталады. Құрлық чемпионы атағы үшін Қазақстан құрамасы Қытай, Корея және Жапония командаларымен тартысқа түседі. Бүгін біздің қыздардың оқу-жаттығу жиындары басталады, олардың аясында 2 қараша күні турнир бойынша бәсекелестердің бірі – Қытай командасымен жолдастық матч өткізеді. Кездесу 17:00-де басталады, ойын Борис Александров атындағы спорт сарайының мұзайдынында өтеді.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ