Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы ІВ дивизионындағы әлем чемпионатына дайындықты 3 сәуірде бастайды. Дайындық Ұлыбританияда басталады, онда біздің қыздар 6 сәуір күні алдағы турнир иелерімен жолдастық матч өткізеді. Әлем чемпионатының матчтары Дамфристе 9 және 15 сәуір аралығында өтеді. ІА дивизионына бірінші орын алған бір ғана команда көтеріледі. Медаль үшін Қазақстан құрамасы Кореямен, Италиямен, Ұлыбританиямен, Латвиямен және Словениямен тартысқа түседі.
Бір жыл бұрын біздің команда ІВ дивизионына IIA-дан барлық бес матчта жеңіске жету арқылы бірінші орынды иеленіп көтерілген болатын.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ