logo
Қазақстан қыздар құрамасы Қытайдан жеңілді

Хоккейден қыздар арасындағы әлем чемпионатындағы өзінің төртінші матчында Қазақстан құрамасы турнир кестесінің көшбасшысы – Қытай командасымен кездесті. Командамыздың бірінші голын Аида Олжабаева салды. Алайда бірінші кезеңнің соңына дейін қарсыластар үш шайба салды. Ойынның екінші кезеңінде Брианна Бэрндсэн есеп айырмашылығын азайтты, бірақ матч соңына дейін қытайлық хоккейшілер тағы үш шайба салды – 6:2.

Қытай – Қазақстан 6:2 (3:1, 1:1, 3:0)

0:1 – 02:26 – Олжабаева (Свиридова, Молдабай)

1:1 – 05:11 – Лин К. (Лин Н.)

2:1 – 12:34 – Ху Б. (Лиу, Чу)

3:1 – 16:01 - Ли Б. (Лин К.)

3:2 – 36:15 - Бэрндсэн (Маклин, Брод)

4:2 – 38:36 – Канг М. (Чу, Жанг)

5:2 – 46:01 – Чанг (Чу, Хуанг)

6:2 – 59:12 – Лин К. (Лин Н.)

Чен - Дмитриева (00:46-12:34, 46:01 – 60:00, Щеколова)

Осылайша, Қытай командасы әлем чемпионатындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді және кесте көшін бастауды жалғастыруда. Қазақстан төрт кездесудің біреуінде жеңіске жетті. Келесі матчты Александр Мальцевтің ойыншылары 14 сәуір күні Словенияға қарсы өткізеді.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі - Sport Qory спортты қолдау қоры


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ