Бірінші дивизионның В тобындағы хоккейден әлем чемпионатының бірінші матчында Қазақстан қыздар құрамасы турнир иелері – Польша командасымен кездесті. Бірінші кезеңде есепті біздің хоккейшілер ашты, голды Татьяна Королева салды. Матчтың 14-минутында қарсылас артық құрамен есеп теңестірді, ал ойынның екінші кезеңінде тағы екі шайба лақтырды – 1:3. Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдің бірінші матчында жеңіліс тапты.
Басқа матчтарда Словения Италияны 3:1 есебімен жеңді, Қытай құрамасы Кореядан басым түсті – 5:0.
Қазақстан – Польша 1:3 (1:1, 0:2, 0:0)
1:0 - 01:50 –- Королева (Молдабай)
1:1 – 13:55 – Позневска (Чрапик) ГБ
1:2 – 35:33 – Зелинска (Позневска, Ласкавска) ГБ
1:3 – 38:18 – Томчок (Гогоч) ГБ
Қақпашылар: Щеколова – Сасс
Келесі матчты Александр Мальцевтің ойыншылары бүгін Корея командасына қарсы ойнайды. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17:00-де өтеді.
Генеральный партнёр КФХ – АО «ФНБ «Самрук Казына»
Партнёр КФХ - Фонд поддержки спорта Sport Qory
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ