logo
15 апреля 2023
Қазақстан қыздар құрамасы жолдастық матчта жеңіске жетті

Әлем чемпионатына (1В) дайындық аясында хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Ұлыбритания командасына қарсы бақылау матчын өткізді. Есепті біздің хоккейшілер Дария Молдабайдың голымен ашты. Екінші кезеңде қарсыластар есеп теңестірді, алайда қорытынды кезеңде Лариса Свиридова мен Анастасия Оразбаева тағы екі шайба салып, командамызға жеңіс сыйлады. Кездесудің үздік ойыншысы Дария Молдабай болды.

Ұлыбритания – Қазақстан 1:3 (0:1, 1:0, 0:2)

0:1 - 13:19 - Молдабай

1:1 - 38:53 - Энри

1:2 - 54:51 - Свиридова (Саяхаткызы М.)

1:3 - 56:08 - Оразбаева (Ашимова)

Қақпашылар: Щёколова (Дмитриева, 33:38-60:00) - Ховард – (Джексон, 40:00-60:00)

Еске сала кетейік, 17 сәуір күні кореялық Сувонда бірінші дивизионның «В» тобында әлем чемпионаты басталып, А тобының жалғыз жолдамасы үшін біздің қыздар Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Корея командаларымен тартысқа түседі.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ