Бірінші дивизионның А тобында қыздар арасындағы әлем чемпионатының қорытынды матчын Қазақстан құрамасы Словенияға қарсы өткізді. Бірінші кезеңде есепті біздің хоккейшілер ашты, голды Брианна Бэрндсэн салды. Кездесудің екінші кезеңінде Пернеш Ашимова есепті 2:0 етті. Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирде екінші жеңісіне қол жеткізіп, қорытынды төртінші орын иеленді. Матчтың үздік ойыншысы қақпашы Арина Щеколова болды, Қазақстан құрамасының турнирдегі үздік ойыншысы – шабуылшы Кендра Брод.
Қазақстан – Словения 2:0 (1:0, 1:0, 0:0)
1:0 – 16:53 – Бэрндсэн (Риу)
2:0 – 38:33 – Ашимова (Алдабергенова, Конышева)
Щеколова - Дукарич
Ертең ІВ тобының шешуші матчы өтеді, Қытай мен Польша құрамалары бірінші дивизионның А тобына шығу үшін таласқа түседі. Словения В тобынан шығады, оның орнын Ұлыбритания иеленеді.
Фото - https://polskihokej.eu/
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі - Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ