logo
11 апреля 2024
Қазақстан қыздар құрамасы ӘЧ-де төртінші жеңісіне қол жеткізді
IIA дивизионындағы хоккейден әлем чемпионатындағы төртінші ойынын Қазақстан қыздар құрамасы Бельгия командасына қарсы өткізді. Бірінші кезеңде біздің хоккейшілер жауапсыз бес шайба салды, алайда екінші кезеңде қарсыластар екі рет шайба салды, қазақстандықтар оған дәл солай жауап берді. Үшінші кезеңде біздің команда екі рет артық құрам ұйымдастырып, үстемдігін нығайтты. 9:2 – қатарынан төртінші жеңіске қол жеткізді.

Бельгия - Қазақстан - 2:9 (0:5, 2:2, 0:2) 
0:1 - 03:51 - Свиридова (Олжабаева, Пяткова) 
0:2 - 04:36 - Саяхатқызы (Буторина)
0:3 - 06:58 - Куценко (Буторина, Филимонова) 
0:4 - 12:02 - Алдабергенова (Ашимова, Свиридова)
0:5 - 14:27 - Алдабергенова (Свиридова)
1:5 - 31:54 - Де Гуштенер (Стено) 
1:6 - 34:16 - Пяткова (Ашимова)
2:6 - 38:20 - Де Гуштенер (Босманс, Стено) 
2:7 - 38:33 - Фельзинк (Воронова)
2:8 - 51:19 - Ашимова ГБ
2:9 - 52:35 - Шегай ГБ
Қақпашылар: Шегай - Смитс (Суинен, 20:00-40:00)

Келесі матчты Александр Тебеньковтың ойыншылары 13 сәуірде турнир чемпионат көшбасшысы – Испания командасына қарсы өткізеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ