logo
Қазақстан қыздар құрамасы Италиядан минималды есеппен жеңілді

Бірінші дивизионның В тобындағы қыздар арасындағы әлем чемпионатының үшінші матчында Қазақстан құрамасы Италияға есе жіберді. Қарсыластар жалғыз шайбаны артық құраммен екінші кезеңде салды. Біздің хоккейшілер қарсыластың 16 соққысына қарсы 26 соққы жасады, алайда италиялықтардың қақпасын ала алмады.

Италия – Қазақстан 1:0 (0:0, 1:0, 0:0)

1:0 – 35:09 – Стокер (Гиус) ГБ

Федель – Дмитриева

Келесі матчты Александр Мальцевтің ойыншылары ертең кестенің көшін бастап тұрған Қытай командасына қарсы өткізеді. Қарсылас үш матчта үш рет жеңіске жетіп үлгерді.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі - Sport Qory спортты қолдау қоры


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ