logo
20 марта 2026
Қазақстан қыздар ұлттық құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді
IB дивизионындағы қыздар арасындағы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстан қыздар ұлттық құрамасы Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Олимпиадалық дайындық орталығы базасында өтеді. Жиынға қыздар және жасөспірімдер құрамаларының барлық үміткер ойыншылары шақырылған. Оқу-жаттығу жиыны 22 наурызда басталып, 2 сәуірде команда дайындықты жалғастыру үшін Испанияға аттанады. Әлем чемпионаты 12–18 сәуір аралығында өтеді. Біздің қыздардың қарсыластары – Латвия, Нидерланд, Корея, Ұлыбритания және Испания құрамалары. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ